$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодар облысында субұрқаққа шомылған баланы тоқ соқты

06.06.2023ж. 20:00
1178
Павлодар облысында субұрқаққа шомылған баланы тоқ соқты

Павлодар облысында субұрқаққа шомылған баланы тоқ соқты. Абырой болғанда оны сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі байқап, судан алып шыққан. Қазір баланың беті бері қарады. Дәрігерлер оның жағдайы жақсарып келе жатқанын айтады. Оқыс оқиға Ақсу қаласында болған. Ата-ананың рұқсатынсыз саябаққа келген 3 балақай аптап ыстықтан салқындамақ болып, суға түскен. Сол кезде 3 қыздың кішісін тоқ ұрып, есінен танып қалған. Ал баланы қалай тоқ соққанын құзырлы органдар анықтайтын болады.

Айдана ТӨЛЕУТАЙ, АҚСУ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Қазіргі жағдайда баланың жағдайы тұрақты. Бала өзі жүріп, өзі тамақтанады. 4 күні палатаға ауыстырылды. Балада ауырсыну, күйік орындары жоқ.

Павлодарда соңғы бір апта бойы күн райы рекордтық көрсеткішке жетті. +39 градус. Аптап ыстықтан 20 адам көшеде есінен танып қалған. Көпшілігі ыстықты көтере алмай есін жоғалтыпты. Сондықтан мамандар тұрғындарға сақ болуды ескертті.