Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ақтөбеде үш күннен бері қоқыс полигоны өртеніп, қала тұрғындары тұншығып жатыр

06.06.2023ж. 20:00
1007
Ақтөбеде үш күннен бері қоқыс полигоны өртеніп, қала тұрғындары тұншығып жатыр

Ақтөбеліктер қолқаны қабатын сасық иіске тұншығып отыр. Соңғы екі күннен бері қаланы қою қара түтін басып, дем алу мүмкін емес. Тұрғындар қырық градус ыстықта есік, терезені аша алмай қиналуда.

Екі күн демалыста Ақтөбе аспанын қалың қара түтін басты. Иістен демалу мүмкін.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Балалармен далада жүре алмайсың, мусор жағып жатыр. Күндіз ыстық жүре алмайсың, кешке шығарсақ, ойната алмайсың сасықтан, балкон аша алмаймыз.

- Не возможно дышать. Экология вообще Ақтөбеде пластик, отходы бәрі адамға зиян. Ауру болады.

- Иіс жаман енді. Смог, қара түтін. Кемпір шалдар, балалар шыдай алмайды. Ауру қайдан шығады. Содан шығады.

Полигондағы өртті сөндіргенімен ыстың иісі әлі бар. Экологтар арнайы тексеріс бастаған. Олар да қауіпті химиялық көлемнің нормадан бірнеше есе артқанын айтып отыр.

Тұрар ҚОЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Көміроксиді 4,44 есеге асып тұр, норма 5мг метркуб. Азот оксиді16,3 нормасы 0,200, күкірт диокциді 13,9 нормасы 0,500. Көмірсутегі оксидінің азот оксидінің күкірт диавкцидінің көрсетілгеннен нормасы асып тұрғаны себепті «Тасбыс Ақтөбе» ЖШС жоспардан тыс тексеріс тағайындалды.

Дәрігерлер де дабыл қағуда. Ауаның ластануы денсаулыққа қауіпті дейді.

Арыстан МАМЫРБАЕВ, М. ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БҚМУ ПРОФЕССОРЫ:

Азот диоксид, күкір сутегі олар денсаулыққа зиын. Жүрек, бауыр, бүйрек, қан тамырлары ауруларын тудырады. Кішкентай балалар, жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге қауіпті болып келеді.

42 гектар аумақты алып жатқан қоқыс полигоны 2007 жылы ашылған. Қаладан 10 шақырым жерде орналасқан аумақ жыл сайын өртенеді.

Айдос ХАМИЕВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы мәселені бұдан былай болдырмау үшін жалпы 42 гектарға аумағындағы қатты қалдықтар полигонын толықтай топырақпен көметін боламыз және газды бұру қондырғыларын орнататын боламыз. 60 см қалдықта жабылдаы. Сол себепті тұтану , жану мәселесі түбегейлі жойылады.

12 гектар аумақ жер дайындалып қосымша полигон ашылмақ. Енді қалдықтар сол жерге төгіледі.