Спорт Қазақстан
$440.92 €475.36 ₽4.82
×

Чилиде тыныс алу жолдары ауруына шалдыққан бала саны көбейді

AstanaTV
06.06.2023ж. 19:34
699
Чилиде тыныс алу жолдары ауруына шалдыққан бала саны көбейді

Чили астанасында соңғы апталарда тыныс алу жолдары ауруларына шалдыққан бала саны көбейген,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Бұған Сантьягодағы ауаның ластануы себеп. Қала аспанын лас түтін тұмшалады. Климат жөніндегі мамандардың айтуынша, ауа құрамынан көзге көрінбейтін өте ұсақ зиянды бөлшектер анықталған.

Бұған қоса Чили астанасы құрлықтағы ең лас қалалардың қатарында. Аурулардың таралуын болдырмау үшін тұрғындарға қолды жиі жуу, бетперде тағу тәрізді ережелерді сақтау қажеттігі ескертілді.