Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Атырауда балық аулауға кеткен адам өлі табылды

AstanaTV
06.06.2023ж. 21:16
996
Атырауда балық аулауға кеткен адам өлі табылды

Қайғылы оқиға Атырау облысы, Мақат ауданында тіркелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мақат ауданы, Мұнай айдаушылар ауылының тұрғыны "Ақкөл" көлінде балық аулау кезінде суға батып кеткен.

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, балық аулауға кеткен адамның бір күннен бері хабарсыз қалғаны туралы хабар түседі.

"Хабарлама 3 маусымда 11:36-да түсті. Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 4 маусымда сағат 13:30 минутта марқұмның денесі судан табылып, отбасына тапсырылды", - делінген Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде.

Еске сала кетелік, жыл басынан бері Атырауда 9 адам суға кетіп көз жұмды. Марқұм болғандардың арасында 2 бала да бар.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Асқат Ержановтың мәліметінше, былтыр Атырауда 20 адам суға кетіп, көз жұмған.