Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Оралда белгісіз ер адам ойыншық мылтықпен микроқаржы ұйымын тонап кеткен

AstanaTV
06.06.2023ж. 21:39
1028
Оралда белгісіз ер адам ойыншық мылтықпен микроқаржы ұйымын тонап кеткен

Оралда белгісіз ер адам микроқаржы ұйымын тонады. Ол бұл әрекетке қарызынан құтылу үшін барған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Дерекке сүйенсек, оқиға 1 маусым түс ауа болған. 39 жастағы ер адам халыққа ақшалай қарыз беретін микроқаржы ұйымдарының бірін тонап кеткен. Үстіне камбинезон киген ол кеңсеге баса-көктеп кіріп, тапанша тәрізді затпен қорқытып, оған кассада бар ақшаны беруді талап етіпті. Қорыққанынан кассир оған ақшасын берген, содан кейін шабуылдаушы оқиға орнынан қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қылмысқа барған азаматты ұстады. Оған қылмыстық кодекстің 192-бабы 1-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Мән-жайларды анықтау барысында аталған Б. есімді азамат бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Ол кассирді қорқытқан зат, яғни мылтық ойыншық болып шықты. Ұсталғанның айтуынша, ол бұл қылмысты жасауға қарыздарынан құтылу үшін барған.