Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Астанадағы су тапшылығы мәселесі қашан шешіледі?

07.06.2023ж. 20:00
1353
Астанадағы су тапшылығы мәселесі қашан шешіледі?

Елордада ауыз су мәселесі қазір өте өзекті. 10 күн бойы сусыз отырған тұрғындар кеше көшеге шығып, жолды жауып, шу шығарды.

Жұмекен Нәжімеденов көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары көшеге шығып, жолдарды жапты.

Судан әбден тарыққан олар, басқа амалымыз болмады дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Үйде бірде су бар, бірде жоқ. Осылай деп жүргенімізге біраз боп қалды. Тіпті соңғы күндері су мүлде болмады. Тек түнгі екі мен бес аралығында берілетін. Не киім жуа алмаймыз, не жуына алмай отырмыз. Кеше осы мәселені шешпек болып ереуілге шықтық.

- Бір жұмадан бері су болмай жатыр. Кеше болмады күнімен. Бүгін таңертең берді қазір пока бар. Кішкентай балалары барларғаи вообще қиын болып жатыр.

Елорданы сумен қамтамасыз етіп отырған жалғыз қойма 500 мың адамға шақталған. Ал қалада халық саны 1 миллион 300 мыңға жетті. Қазір шаhардағы көпқабатты үйлерге су жетпей, тұрғындар зардабын көріп отыр. 3 жыл бұрын құрылысы басталған су станциясының құрылысы әлі аяқталмаған.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚАЛА ӘКІМІ:

Мұнда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. 1-кезең осы айда тәмамдалады және біз қазір тапшы болып отырған көлемді жабамыз – бұл тәулігіне 25-30 мың текше метр су. Сонымен қатар тамыз айында осы нысанның 2-бөлігі аяқталады және ол күніне қосымша 85 мың текше метр сумен қамтамасыз етуге қауқарлы болады. Бұл көлем қаланы алдағы 3-4 жылда тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін жеткілікті болады.

Осыдан 5 жыл бұрын астаналықтар тәулігіне 269 мың текше метр су тұтынатын. Ал былтыр көрсеткіш 311 мың текше метрге артты. Тұрғын үйлердің белсенді бой көтеруін ескерсек, 2026 жылы су тұтыну 340 мың текше метрге жетуі мүмкін дейді мамандар.