Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Бөтелкелесінің мәйітін өртеп құтылмақ болған батысқазақстандық ұсталды

07.06.2023ж. 20:00
840
Бөтелкелесінің мәйітін өртеп құтылмақ болған батысқазақстандық ұсталды

Батыс Қазақстан облысында Теректі ауданының тұрғыны ауылдасын пышақтап өлтіріп, ол аздай, денесін өртеп жібермек болған. Полицияның хабарлауынша, екеуі ішімдік ішіп отырып, әлденеге дауласып қалған. Арадағы ерегес төбелеске ұласып, 1965 жылғы азамат бөтелкелесін пышақтап өлтіріпті. Осыдан кейін мәйіттен құтылу үшін өртеп жіберуге тырысады. Бірақ күдікті ойын іске асыра алмады. Аяқ астынан жоғалып кеткен азаматын іздеген туыстары тәртіп сақшыларына хабар түсіріпті. Дереу іздеуге кіріскен полиция аулада жатқан өлікті иісінен тапқан. Қазір күдікті қамалып, қылмыстық іс қозғалды. Енді кінәсі дәлелденсе, он бес жылға сотталуы мүмкін. Полиция оның бұрын істі болғанын айтып отыр.

Нұрлан БИСЕНОВ, БҚО ПД ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл кісі өртеп жіберем деп өртеген ғой. Онымен мәйіті жартылай өртенген тек қана. Мас күйінде қылмыс жасағандықтан, мүмкін оны өртеп жібердім деп ойлаған шығар? Мәйіті уже иіс шыға бастады, соны иісі арқылы іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанда шөптің арасына тығып қойған жерінен тауып алдық.