Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Елордада алғаш рет «Тәлімгерлер кеңесі» құрылды

07.06.2023ж. 20:00
1389
Елордада алғаш рет «Тәлімгерлер кеңесі» құрылды

Елордада алғаш рет «Тәлімгерлер кеңесі» құрылып, алғашқы отырысы өтті. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған кеңестің 9 мүшесі бар. Олардың бәрі кезінде мемлекеттік қызметте еңбек еткен. Тәлімгерлік кеңестің мақсаты -жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының кәсіби бейімделуіне көмек көрсетеді. Сонымен қатар, кадр құрамының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Маңызды ұйымның алғашқы отырысына қалалық ардагерлер ұйымының өкілдері мен Астана қаласы әкімдігіне қарасты органдардың басшылары қатысты. Онда ұйым мүшелері жаңадан қызметке сайланған басшыларға өздерінің еңбек жолдарын айтып, тәжірибелерімен бөлісті.

Әли КӨМЕКБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ, «ТӘЛІМГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ» ТЕҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ал енді бұл бастама - агенттіктің бастамасы. Бұл тек қана Астана қаласында емес, басқа өңірлерде де орын алып жатқан жаңалықтар. Бұл кеңестің мақсаты, мынау Астананы алатын болсақ қаладағы басқармалардың жас басшыларға өздерінің тәжірибесін жеткізу.

Кеңес құрамы тек ардагерлерден тұрады. Айтуларынша, топ мүшелері өңірдегі жұмысты бастап кеткен. Бұл жоба арқылы жастар тәжірибе алмасып, түрлі әдіс-тәсілдерге қатысты ұсынымдар алуға мүмкіндік бар.

Ерсұлтан БЕКТҰРҒАНОВ, «QAZINDUSTRY» АҚ ТӘУЕЛСІЗ ДИРЕКТОРЫ, «ТӘЛІМГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ» МҮШЕСІ:

Тәжірибемді қолданайын деп жастарға тәлім-тәрбие беруге, оларменен сұхбаттасуға, сұхбаттар өткізуге әрине дайынмын. Қазақта айтады ғой «ақыл тозбайды, алтын шірімейді» дейді. Ақыл тыңдап, ақыл тоқтатқан адам еш уақытта азбайды да, тозбайды да.

Құрамның отырысына алғашқылардың бірі болып Жаңабай Мейірманқұлов қатысты. Ол осыдан 3 ай бұрын қалалық мәдениет басшылығына тағайындалған. Енді ардагерлердің ақ батасын алып, мол тәжірибе жинасам деп келіп отыр.

Жаңабай МЕЙІРМАНҚҰЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Осындағы кеңеске құп мүше ағаларымыз үлкен тәжірибелі ағаларымыздан тәлім-тәрбие алайық, ол кісілердің осы өмірбақи жинаған тәжірибелерімен бөлісу үшін келіп отырмыз.

Айта кетейік, осындай кеңес алдағы уақытта еліміздің әр өңірінде құрылмақ.