"Арай" тобының экс-солисі, әнші Рысбек Аташ шығармашылыққа білек сыбана кіріскенін айтты. Ол тойдан бөлек әлеуметтік желіні табыс көзіне айналдырғанын жеткізді, деп жазады Massaget.kz
"Күннен күнге", "Ұмыт бәрін", "Айтқым келеді" әндерінің орындаушысы, әнші Рысбек Аташ өз репертуарын жаңа әндермен толықтырған. Жақында блогер Камила Саянмен бірге "Ностальгия" су жаңа әнінің тұсауын кескен.
"Арай" тобынан соң кішігірім шығармашылықтан қол үзіп қалдым. Дегенмен өнерді қайта жалғап су жаңа ән шығардым. Камила Саянмен бірге екі әннің тұсауын кестік. "Ностальгия" және "Ей, жаным" атты әндер. Екі өлең де халық көңілінен орын алатын шығарма деген ойдамын",- дейді Рысбек Аташ.
Әншінің айтуынша, тойдан бөлек TikTok әлеуметтік желісінде отырып табыс табуға болады екен.
"Мен TikTokқа қалай келдім? Менің әуенім осы желіде хит болып жатыр деген смстер келді. Сосын кіріп көрдім менің өлеңім расымен-ақ жастар көңілінен шығыпты. Енді басқа да әлеуметтік желілерде аккаунтым болған соң осында да тіркелдім. Стримге шығып көрдім. Енді үлкен бір табысқа кенеліп отырған жоқпын. Бірақ 1 аптада 1000 мың доллар табуға болады. Дегенмен мен ол ақшаларды пайдаланып жүрген жоқпын. Алайда табысқа кенелуге болады", - дейді әнші.