$518.97 €607.3 ₽6.64
×

А.Көлгінов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылды

08.06.2023ж. 20:00
908
А.Көлгінов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылды

Президент Жарлығымен Алтай Көлгінов Премьер-Министрдің орынбасары қызметінен босатылды. Бұл лауазымға ол былтыр желтоқсан айында тағайындалған. Оған дейін Астана қаласының және Батыс Қазақстан облысының әкімі болды. Ал Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тағайындалды, ол екі қызметті бірге атқарады.