Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылордада колледж студенттерінің талдау нәтижесінен есірткі анықталған

Қызылордада колледж студенттерінің талдау нәтижесінен есірткі анықталған

Қызылордада есірткі қолданатын студенттер анықталды. Тексерісті прокуратура мен нарколог мамандары жүргізген. 18 бен 22 жас аралығындағы мыңнан астам колледж студенттері тексеруден өткен.

Бақытжан МЫРЗАБАЕВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жергілікті бюджеттен жастар арасында наркотестілеу жүргізуге 3,6 млн теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар жастар арасында есірткі заттарын тұтыну оларды сатып алу жағдайын анықтау мақсатында мың тестілеу жүргізілді. Нәтижесінде есірткі затын тұтынған 2 азамат анықталды.

Мамандар алғашында 3 студенттің талдау нәтижесі күмәнды шыққанын айтады. Сөйлесу барысында олар көкнәр қосылған тоқаш жегендерін айтқан. Ал бір студент марихуана қолданғанын мойындаған.

Гүлайым СЕЙІЛХАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Облыстық білім басқармасына тапсырма берілді. Олар осы азаматты профилактикалық есепке яғни наколог маманның бақылауына алып, зерттеу, ем-шара, ем-дом шараларын жүргізуге ықпал жасауға ұсыныс берілді. Ол азамат кәмелет жасына толмаған азамат емес, өзінің да келісімі болған жағдайда ғана біз заң аясында есепке тіркей аламыз.