Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Құрамында есірткі бар дәрілер емін-еркін сатылып жатыр

08.06.2023ж. 20:00
1003
Құрамында есірткі бар дәрілер емін-еркін сатылып жатыр

Елімізде құрамында есіркі бар дәрілер емін-еркін сатылып жүр. Естен тандыратын препараттарға, әсіресе, жастар құмар. Өйткені оның бағасы кәдімгі нашаға қарағанда әлдеқайда арзан әрі қолжетімді. Жастарды жаппай желіктірген қандай капсула? Аружан Задабектің материалы.

Қара түнектен шыға алмай, есірткіні ермек еткен жасөспірімдер саны қазір бірлі жарым емес. Статистиканы сөйлетсең, соңғы уақытта олардың қатары екі есе өскен. Мұндайда «енді ғана буыны қатқан жас нашаға ақшаны қайдан алады осы?» деген сұрақ туындайды. Сөйтсек, біз білмейтін қулық көп екен. Олар дәріханада ашық сатылатын құрамында есірткісі бар арзан дәріні қолданады.

Снежанна ИМАШЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Есірті тұтынушылардың саны өсіп келеді. Есірткілердің жаңа түрлерінің пайда болуы және олардың өндірудің жеңілдігі және кедергісіз қол жеткізу ерекше алаңдаушылық тудырады.

Біз айтып отырған трамадол, негізі, онкологиялық ауруға қарсы дәрі. Бірінің ауруын басса, енді бірі үшін бұл қолжетімді есірткіге айналған. 1-2 рет қолданған адам келесіде онсыз тұра алмайтын хәлге түседі. Ал оның әсері героинмен пара пар.

Хаджи-Ғали ИМАЖАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Ең қауіпті дәрі – трамадол. Өткен жылы сәуірде бұл препарат есірткінің тізіміне енген. Бұл дәрі туралы бәріңіз естіген боларсыздар. Әсіресе, елдің батыс өңірінде трамадолды есірткі ретінде қолданғандар көп болды. көбі нашаның бағасы қымбат болғандықтан, осыны сатып алады.

Ресей мен Беларусьте «Трамадол» есірткі қатарына жатқызылып, қолдануға мүлдем тыйым салынған. Бізде де дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалануға рұқсат. Бірақ, фармацевтер мұны пысқырмайтын секілді. Беттің арын белге байлаған кәсіпкерлер жасөспірімдерге ешқандай құжатсыз сата береді. Ақшаның соңына түскендердің құпия сөздері де бар екен. Дәріханаға барып «Ланахер» десең бірден ұғады дейді-мыс. Ол ол ма, «рубажка» сөзі арқылы өнімнің мөлшерін де сұрай аласың.

Вячеслав ДУДНИК, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Қазір 109 мың адам психикалық есепте тұр. Оның ішінде 91 мың адам -алкогольге тәуелді. 18 мың адам есірткі мен психотроптық заттарды тұтынады. Ал синтетиканың ауына түскендердің саны - 694 адам.

Трапикалид, цикломед те трамодол сияқты ескірткі дәрілердің қатарында. Ұйқы шақырамын, ауруды басамын деп әсері күшті дәріні асыра қолданудың соңы нашақорлыққа әкелуі мүмкін.