$498.34 €519.72 ₽4.85
×

СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ САЛМАҒЫ

AstanaTV
09.06.2023ж. 16:12
1007
СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ САЛМАҒЫ

Еліміз бейбітшілікті бойтұмар етіп, байланысты батыл жасауда. Ешқашан елдің мүддесі екінші кезекке ысырылған жоқ. Мемлекет басшысының басты мессиясы бұл. Жылдың жартысына жетіп қалдық. Бір сәт тыным тапқан емес. Ел елді аралады, белді басшыларды өзімізге шақырды. Келіссөздер жүргізді. Дәл қазір «Астана» халықаралық форумы өтуде. «ПРЕЗИДЕНТ ПӘРМЕНІ» бағдарламасының кезекті шығарылымында сыртқы саясаттың салмағы сарапталды.

Климаттың күрт өзгеруі, азық-түлік тапшылығы, энергетикалық қауіпсіздік секілді өзекті мәселелер Президент үнемі көтеріп жүр. Өзгелермен алыс-берісті арттыруға ниетті. Мәселен, Тәжікстан бізбен өзара сауда көлемін 2 млрд долларға арттыруға мүдделі. Ал біздің негізгі сауда серіктестігіміз Қытай Халық Республикасы. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық көлемі рекордтық деңгейге жетіп, 31 млрд доллардан асты. Көршілердің барлығымен бірлескен жобалар бар. Алпауыт елдердің де тәжірибелері енгізілуде. Сарапшылардың пайымы, алдағы жоспарлар бағдарламада қамтылған. Толық нұсқасын мына https://www.youtube.com/watch?v=FH2WEHplR2I сілтемеден көруге болады.