$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдығына орай қатысушы елдер министрлерінің кездесуі өтті

09.06.2023ж. 20:00
1003
Алматыда халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдығына орай қатысушы елдер министрлерінің кездесуі өтті

Алматыда халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдығына орай қатысушы елдер министрлерінің кездесуі өтті. Қонақтар мерекелік гала-концерт тамашалады. Сондай-ақ, түркі елдерінің ұлттық киімдерінің тақырыптық фотокөрмесі мен дефилесі болды. Ал театр ауласында қазақстандық қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында Қырғызстанның Халық жазушысы Сұлтан Раевты II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Асхат ОРАЛОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

30 жыл бұрын дәл осы Қазақстанда өзіміздің Алматы қаласында осы ұйым құрылған болатын. Сондықтан да биыл 30 жылдығы аталып шығып жатыр. Биыл Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы ғой. Енді ТҮРКСОЙ ұйымы барлық Түркі тілдес мемлекеттерінде осы жыл Темірбек Жүргенов жылы деп аталып келе жатыр. Президентіміз айтқандай біздің негізгі мақсатымыз той тойлау емес ой толғау. Сондықтан да ғылыми практикалық конференция ұйымдастыратын болады.