Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап болады

AstanaTV
12.06.2023ж. 16:58
602
Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап болады

Синоптиктер 13-15 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен қысқа мерзімді жаңбыр жауады. 14 маусымда күн күркіреп, жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыста құмды дауыл соғады.

"Солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы бір қалыпты орташа. Түнде 5-15 градус жылы, күндіз 17-25 градусқа дейін жылы болады деп күтіледі. Аптап 13-14 маусымда еліміздің батысында байқалады, онда күндіз ауа температурасы 40-41 градусқа дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.