Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

"Тізімде Мбаппе, Месси жоқ": Чемпиондар лигасының үздік ойыншыларынан жасақталған құрам белгілі болды

AstanaTV
12.06.2023ж. 17:22
618
"Тізімде Мбаппе, Месси жоқ": Чемпиондар лигасының үздік ойыншыларынан жасақталған құрам белгілі болды

Футболдан Чемпиондар лигасының финалында "Манчестер Сити" миландық "Интерді" ұтып, чемпион атанған еді. Осыдан кейін WhoScored нұсқасы бойынша турнирдің үздік ойыншыларынан жасақталған құрам белгілі болды.

Жылдың үздік құрамы төмендегідей:

Қақпашы: Андре Онана ("Интер"). Қорғаушылар: Алекс Гримальдо ("Бенфика"), Ким Мин Чжэ ("Наполи"), Рубен Диаш ("Манчестер Сити"), Джованни Ди Лоренцо ("Наполи").

Жартылай қорғаушылар: Кевин де Брюйне ("Манчестер Сити"), Йозуа Киммих ("Бавария"), Федерико Вальверде ("Реал Мадрид").

Шабуылшылар: Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид"), Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити"), Жоау Мариу ("Бенфика").  

Айта кетейік, биыл Чемпиондар лигасының финалы Түркияның Стамбул қаласында өтті. "Манчестер Сити" мен "Интер" арасындағы ойында ағылшындық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті.