$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Өрт кезінде адам шығынына әкелген себептерді анықтау үшін тергеу жүргізіледі

12.06.2023ж. 20:00
925
Өрт кезінде адам шығынына әкелген себептерді анықтау үшін тергеу жүргізіледі

Абай облысындағы өрт кезінде адам шығынына әкелген еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бұзу себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіледі. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған Үкіметтік комиссия апат орнына шықты. Олар келтірілген залалдың көлемін белгілеп, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.

Ведомство жұмысты 10 күн ішінде аяқтауы тиіс. Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.