Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Абай облысындағы орман өртін сөндіруге кетіп, із-түзсіз жоғалған тағы бір адам іздестірілуде

12.06.2023ж. 20:00
966
Абай облысындағы орман өртін сөндіруге кетіп, із-түзсіз жоғалған тағы бір адам іздестірілуде

Абай облысындағы орман өртін сөндіруге кетіп, із-түзсіз жоғалған тағы бір адам іздестірілуде. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады. Сергей Архипов есімді азамат облыс аумағындағы өртті сөндіруге көмектесу үшін тракторымен шыққан. 9-маусымнан бері хабар жоқ. Тұрғынды іздеу іс-шараларына ведомствоның жеке құрамы жұмылдырылды. Сонымен қатар оның тракторын табу үшін әуеден де шолу жүргізіліп жатыр.