Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Абай облысындағы өртті жоюға жұмыла атсалысуда

12.06.2023ж. 20:00
1099
Қарулы күштердің әскери қызметшілері Абай облысындағы өртті жоюға жұмыла атсалысуда

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бөлімшелері де тілсіз жауды ауыздықтауға атсалысуда. Төтенше жағдай министрлігінің жедел штабы Қорғаныс министрлігіне Успенка, Каштак және Талица ауылдары маңындағы аумақтарды бекіткен. Қазір Бородулиха ауданында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оған Қарулы күштердің 460 әскери қызметшісі мен 42 инженерлік техника, 5 тікұшақ жұмылдырылған. Ал, резервте 600-ге жуық адам мен 30 арнайы көлік дайын тұр. Жалпы, армиялық авиация экипаждары өрт ошақтарына мың тоннадан астам су шашты.