Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Бауырлас елдер басшылары Абай облысындағы қайғылы жағдайға байланысты Президентке және Қазақстан халқына көңіл айтты

12.06.2023ж. 20:00
669
Бауырлас елдер басшылары Абай облысындағы қайғылы жағдайға байланысты Президентке және Қазақстан халқына көңіл айтты

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына көңіл айтты. Мемлекет басшысы бауырлас елдер басшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін тағы да растады және әлемдегі қазіргі жағдай туралы пікір алмасты.