Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Сенаторлар қаза тапқан орманшыларды бір минут үнсіздікпен еске алды

12.06.2023ж. 20:00
680
Сенаторлар қаза тапқан орманшыларды бір минут үнсіздікпен еске алды

Сенат депутаттары Абай облысындағы алапат өрттің салдарынан қаза тапқан орманшыларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сенат төрағасы қайтыс болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты. Мәулен Әшімбаев кеше ел Президенті аталған өңірге арнайы барып, қаза тапқандардың отбасы мүшелерімен кездескенін және оларға көмек көрсету, өрттің шығу себептерін анықтау туралы тиісті органдарға нақты тапсырмалар бергенін де атап өтті.