$494.87 €520.65 ₽4.91
×

“Мейірімділік қанымызда”: Алматыда Дүниежүзілік донор күні қарсаңында науқан басталды

12.06.2023ж. 20:00
1347
“Мейірімділік қанымызда”: Алматыда Дүниежүзілік донор күні қарсаңында науқан басталды

Донор болу-өзге жанға екінші өмір сыйлаумен тең. Бір тәулікте мыңдаған адам қан құйдыруға мұқтаж. Дүниежүзілік донорлар күніне орай “Мейірімділік қанымызда” атты ауқымды науқан Алматы қаласынан бастау алды«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы және Қалалық қан орталығының бастамасымен 13-16 маусым аралығында акция өтеді. Бүгін партиялықтар алғашқылардың бірі болып, игі іске атсалысты. Алматыда бастау алған іс-шараны жүйелі түрде жалғастыру үшін еліміздің басқа өңірлеріне де челленджді тарату жоспарлануда.

Тынышқали СӘБЕН, « AMANAT» ПАРТИЯСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

"Мейірімділік қанымызда" деген акция тұңғыш рет осындай үлкен масштабта өткізіліп отыр. Бүгінгі таңда аудандық филиалға 250-300 жуық азаматтар күтілуде. Енді мақсаты бұл іс-шараның қанға мұқтаж азаматтарға көмек көрсету және аудан, қала тұрғындары арасында ұжымдылық белсенділікті арттыру. Бір ерекшелігі осы біздің ауданымызда 3000-ға жуық парииялас болса, соның 300-ге жуығы, қоғамның барлық мүшелері акцияға атсалысып өзіндік бір үлесін мұқтаж жандарға көмек көрсетуде.

Жандос НӘДІРОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Күнделікті қан керек. Біздің қан орталығы 20-аса мекемеге тәулік бойы қан береміз. Ол адамдардың өмірін сақтап қалады. Адамды сақтап қалу үлкен парыз деп ойлаймын, сол үшін келешекте мен сұраймын тұрғындардан тек қана акция өткізгенде емес күнделікті келіп, осылай өздерінің мейірімділігін көрсетсе. Мысалы бір аүнде бізде жүз адамға дейін тапсыратын болса, осындай күндері бізде екі есе көбейеді донордың саны.

Қан ауруы, онкологиялық дерттер, жүктілік кезінде адамдар қанға аса қатты мұқтаж. Бүгінгі игі іс шара кезінде 182 адамның қаны жарамды болып танылып, 81 литр қан жиналды.