Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Өрттен қаза тапқандардың отбасына 7 млн теңге беріледі

13.06.2023ж. 20:00
801
Өрттен қаза тапқандардың отбасына 7 млн теңге беріледі

«Қазақстан халқына» қоры өрттен қаза тапқандардың отбасына 7 млн теңгеден береді. Сондай-ақ кәмелетке толмаған әр балаға 2 млн теңгеден көмек көрсетіледі. Қор білім грантымен де қамтамасыз етеді. Яғни, 18 жасқа толмаған балаларға арнайы шот ашылып, әрқайсына 4 млн теңгеге дейін қаржы салынады.

Ләззат ШЫҢҒЫСБАЕВА, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі кезде жергілікті мемлекеттік органдардан мына қайтыс болған азаматтардың керекті құжаттарын бәріне жинап тез арада осы көмек көрсету үшін жұмыс жасап жатырмыз. Барлық отбасыларға біз қайғыра осы көңіл айтқымыз келеді. Өйткені ол жағдай барлығымыздың жүрегімізді ауыртты. Қазақстан үшін ол сондай қиын жағдай болды. Барлығымыз енді қосылып жатырмыз көмектесіп жатырмыз.