Ақтөбенің Темір ауданы Жақсымай ауылының тұрғындары жалғыз балабақшаға жөндеу жүргізілуін талап етіп отыр. Айтуларынша бөбекжай қыста салқын, ал көктем шықса төбеден сарылдап су ағады. Көп жылдан бері жөнді жөндеу көрмеген балабақшаға барған бүлдіршіндер аурушаң болды дейді.
Ғимарат 1998 жылы қолданысқа берілген. Негізінен 75 балаға лайықталған, қазір мұнда алпыс шақты бала тәрбиеленуде. Ата-аналар балабақша көптен бері күрделі жөндеу көрмеді дейді.
Венера ҰЙҚАСБАЕВА, ЖАҚСЫМАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
2018 жылы ремонт жасалғанға ұқсай ма? 18 жылы ремонт жасалды деп жауап беріп тұр ақпаратта, ондай ремонт болған жоқ бізде.
Жауапты сала мамандарының айтуынша бөбекжай 2013 жылы кешенді жөндеуден өткен. Ал 2021 жылы балабақшаға техникалық сараптама жүргізілген. Ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Құжат мақұлданса, 52 млн теңге бөлінеді.
Риза ҚАРАСАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Бұған дейін екі рет ескертумен қайтарылды. Оны жобалаушыға ұсындық. Қазіргі таңда ескертулер жойылды. Жобалық-сметалық сараптама қорытыңдысын ағымдағы жылы алу жоспарлануда. Күрделі жөңдеу жұмыстары 2024 жылы жүргізілетін болады.