Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Бір үйдің балалары Ұлттық қордан бөлінген қаражатты қосып, баспана ала алады

14.06.2023ж. 20:00
1053
Бір үйдің балалары Ұлттық қордан бөлінген қаражатты қосып, баспана ала алады

Бір үйдің балалары Ұлттық қордан бөлінген қаражатты қосып, баспана ала алады. 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталады. Бүгін Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер туралы заң жобасын мақұлдады. Қордың қаржысы балалардың есеп шотына келер жылдан бастап аударылады. Тек баспана алуға немесе оқу ақысын төлеуіне рұқсат. Бірақ жасы 18-ге жетіп қалғандардың қаржысы түкке жетпейтіні айтылып келген. Сондықтан бір үйдің балалары қаржысын біріктіруге рұқсат берілді.

Дәурен ТЕМІРБЕКОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бір отбасыда 18 жасқа толмаған бірнеше бала осы ақшаны алатын болса, олардың құқығы Отбасы банкіне аударылады. Отбасы банк депозит арқылы мысалы, 3-4 баланың депозитін біріктіріп, тиісті бір мақсатқа жұмсай алады. Мақсат бір – ол пәтер алу. Ондай мүмкіндік қарастырылған

Инвестициялық табыстың тең жартысы 18 жасқа дейінгі балалар арасында теңдей бөлінеді. Қордан түсетін қаражат доллармен жиналады. Оның инфляцияға түсу деңгейі төмен дейді,-жауаптылар.

Әлия МОЛДАБЕКОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ӨКІЛІ:

Біз Ұлттық қор қаражатын долларда ұстаймыз. Әрине, АҚШ долларының инфляциясы ҚР инфляциясынан төмендеу. АҚШ долларының инфляциясы 2 пайыздан 4 пайызға дейін шамасында болады. Сол себепті ҰҚ-ның кірістілігін біз сол АҚШ долларының инфляциясымен салыстырамыз»