Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қостанайда телефон арқылы зейнеткерлерді алдаған алаяқтар ұсталды

14.06.2023ж. 20:00
624
Қостанайда телефон арқылы зейнеткерлерді алдаған алаяқтар ұсталды

Тобыл өңірінде алаяқтар тобы ұсталды. Алты жігіт егде жастағы адамдарды алдап, қомақты ақшасын қалтаға басқан.Олар соңғы рет зейнеткердің 31 мың АҚШ долларын алып кеткен көрінеді. Күдіктілер қала тұрғындарына қоңырау шалып, жәбірленушілерге жақын туыстары жол-көлік оқиғасына немесе ауруханаға түскенін хабарлаған. Өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған олар мәселені шешу үшін ақша талап еткен. Сөйтіп 13 қариядан 40 миллион теңге олжалаған. Алаяқтардың арасында кәмелетке толмағандар да бар.Ұсталғандар бұрын жауапкершілікке тартылмаған.

Олжас МАҒЫПАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Солтүстік бөлімімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.Соның шеңберінде алаяқтыққа күдікті адамдардың жеке басын анықтады. Екі топ ұсталды.Олар бір-бірін білмейтін болып шықты. Бірақ бір тәсілмен тұрғындарды арбауына түсіріп келген.