Астаналық жол салушы мердігер компания Павлодар қалалық әкімдігінен 304 млн. теңгесін қайтара алмай жүр. Бұған соттың оны «жосықсыз фирма» ретінде тануы себеп болған. Жол салған мердігерді әкімдік сотқа беріпті. Себебі, оның жұмысына билік өкілдерінің көңілі толмаған. Жолдың сапасыз екендігін айтқан олар қомақты қаражатты төлеуден бас тартқан. Айлар бойы сотта сабылған кәсіпкер Жоғары сотқа жүгініп, жеңіп шықты. Алайда, қаражатты қайтару үшін мердігер қайтадан сотқа жүгінуі керек. Павлодарда өткен аппелациялық сот екі тарапты тыңдады. Десе де, шешім шығаруды кейінгі қалдырды.
Мұрат АДАМ, АДВОКАТ:
Біз сот шешімі шығарған үш негіздемеге келіспейміз. Біздің қолымызда жолдың сапасы туралы сараптама қорытындысы бар. Оны бүгін де ұсындым. Ал екінші бір жағдай олар жол салынып біткеннен кейін бір ай ішінде емес, тек 3 ай өткен соң ғана сотқа жүгінді. Ал оған дейін қайда жүрген. Бұл жағы да түсініксіз. Бұны бірінші сотта ескеру керек еді. Олай болмады. Үшіншіден, сот шағым жасау мерзімінің өтіп кеткенімен, қарамастан шешім шығарды. Бұл - дұрыс емес. Яғни, бірінші сот бұның бәріне құқықтық баға берместен шешім шығарып отыр. Енді аппелациялық соттың шешімін күтетін боламыз.
Біз бұған дейін мәселені көрсеткен болатынбыз. Бұл дау жарты жылдан бері жалғасып келеді. Мердігер қаладағы төрт шақырымнан астам жолға жөндеу жүргізген. Жеме-жемге келгенде әкімдік атқарған жұмыстың ақысын бермей сенделтіп қойды. Тіпті атқарушы билік қысым жасап, біраз кедергілер келтірді - дейді құрылыс компаниясының өкілдері.