Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

ШҚО-да кәсіпкерлік бойынша 218 жобаның 63-і мақұлданды

15.06.2023ж. 20:00
656
ШҚО-да кәсіпкерлік бойынша 218 жобаның 63-і мақұлданды

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлік саласы бойынша 218 жобаның 63-і мақұлданды. Бүгін «АMANAT» партиясының қолдауымен ауыл кәсіпкерлерінің жобалары тыңдалды. Мемлекет басшысы жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыздан аспайтын шағын несие беру туралы айтқан еді. Бұл – бизнесті дамытымын дегендер үшін зор мүмкіндік. Жоба 1,5 ай бұрын іске қосылды. Содан бері Шығыс Қазақстан облысында 218 өтінім мен 93 жоба келіп түскен. Жас кәсіпкерлерге «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы көмектеседі. Партия мүшелері бұл жоба бизнес өкілдерінің көлеңкеден шығып, өз кәсібін заңдастыруға мүмкіндік береді дейді.

Ольга АБДАНОВА, КӘСІПКЕР:

Өте тиімді шарттар. Егер сіз кәсіпті енді бастасаңыз, осы арқылы аз пайызбен несие төлей аласыз. Маған қатты ұнайды. Егер мемлкет мақұлдап, көмектессе, алға ұмтылып, мақсатыма жетемін.

Альмира МУСИНОВА, КОМИССИЯ МҮШЕСІ:

63 жобаны біз қазірдің өзінде қабылдадық. Жастар өте көп, жалындап тұр. Өз кәсібін бастап, жұмыс істеуге дайын. Біз жастардың жаңа жұмыс бастап қана қоймай, ауыл тұрғындарына көмектескеніне ризамыз.