Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Түркістан облысы Кентау қаласындағы жылу электр орталығы күрделі жөндеуден өтеді

Түркістан облысы Кентау қаласындағы жылу электр орталығы күрделі жөндеуден өтеді

Түркістан облысы Кентау қаласындағы жылу электр орталығы күрделі жөндеуден өткізіледі. Биыл басталатын ауқымды жұмыс екі кезеңмен жүргізілмек. Кеншілер шаһары үшін маңызды бұл мәселе «Аmanat» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған болатын. Нысанды жаңалау жұмыстарына республикалық бюджеттен 13,7 млдр теңге қаралып отыр.

Кентау қаласындағы Жылу электр орталығы - тым көне нысандардың бірі. Өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бері қала халқын жылумен қамтамасыз етіп келе жатқан мұндағы қазандықтар әбден тозған. 2012 жылы сапасыз көмір мен мазуттың таусылып қалуынан мұз құрсауда қалған күнді кентаулықтар ұмыта қойған жоқ. Сол жылы күрделі жөндеуден өтті дегені болмаса жұмыс толыққанды жүрмеді дейді орталық өкілдері. Қытайдан келуі тиіс көп қондырғы уақылыты жеткізілмеген көрінеді. Биылғы қатты қыстың қысқаны тағы бар.

Бақытжан ОРЫНБАСАРОВ, ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

151 күн отопительный сезон жылу маусымы. Сонда 71 мәрте қазандықтар тоқталуы себептері болды. Біресе құбыр жарылады, экранный құбыр, то подшибнигі кетеді. Бір қазандықтың өндіретін жылуы 21 гегаколория болатын болса , біз 15-16 гекокалория ғана өндіре алдық. Өйткені оны толық нагрузкада жұмыс істете алмадық қазақдықтар күрделі жөндеу өтпеуіне байланысты.

Орталықта сегіз үлкен қазандық бар. Соның алтауы әрең жұмыс істеп тұр. Жылу электр орталығы жекелеген үйлер мен мекемелерден бөлек 347 көпқабатты үйді қамтиды. Жүз мыңнан астам тұрғыны бар Кентауда жылу мәселесі - басты проблема екенін шенеуніктердің өзі жасырмайды.

Қуаныш ЫСҚАҚОВ, КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жоғарғы этаждарға қысымы жетпей, шықпай қалуы бар. Одан кейін сырты оралмағандықтан потерия көп, теплопотерия көп. Құбырлар жарылады. Ішкі орам жағдайы қазіргі таңда нашар. Соны біз жобалық сметалық құжаттама әзірлеп 81 шақырым ауыстырамыз.

Жылдар бойы қордаланған мәселе биылдан бастап шешімін таппақ. Орталықтағы ауқымды жұмыстар партиялық бақылауға алынды. Сегіз қазандықты қайта құруға сметалық құжаттама жасалған. Жоба құны - 13,7 млрд. теңге. Биыл алғашқы төртеуі жаңартылады. Реконструкцияға қажетті сомма – 7,7 млрд. теңге. Облыстық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлініп, конкурстық шаралар жүргізілуде.

Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Алдағы уақытта республикалық бюджеттен біз 6,7 млрд қаражат бөлуді біз осы үшін жұмыс жасап жатырмыз. Жалпы Аманат партиясының бүгінгі таңға бұны тікелей бақылауға алып отырмыз. Осылай «Аmanat» партиясы бүгінгі таңда сайлау алдындағы халыққа берген уәделерін аз уақыт ішінде осындай күрделі жұмыстарды атқару арқылы біртіндеп біз орындап келеміз, өз берген уәделерімізді.

Жылу орталығының қырық шақырымға жуық магистральды құбыры 1960 жылдары тартылған. Оның 16,5 шақырымы он жылдай бұрын ғана ауыстырылған. Ал 6,6 шақырымы апатты жағдайда. Сондықтан алғашқы кезекте солар жаңалануда. Бұдан бөлек 4 кері сорғы станциясын қайта құру жұмыс жобасына сәйкес жүргізіледі. Мердігер анықталып, демонтаж жұмыстары жүріп жатыр. Бұл шаруаны 1 қыркүйекке дейін аяқтаймыз деген жылу орталығы басшылары алдағы қыстан қысылмай шығатындарына сенімді.