Құқық қорғаушы Құндыз Оспан елімізде ажырасудың басты себептерін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құндыз Оспан өз тәжірибесіне сүйене отырып, ажырасудың басты себептерінің статистикасын жасады.
“Ең бірінші себеп – бұл опасыздық, тұрмыстық зорлық-зомбылық емес, материалдық жағдайдың болмауы. Ер адам отбасын асырауға, әйелі баласымен декреттік демалыста отырғанда, жауапкершілікті өз мойнына алуға құлықсыз.
Екінші жиі орын алатын себеп – жұбайының ата-анасымен келіспеушілік, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұрып-соғу, физикалық зорлық-зомбылық”, – деп жазды заңгер.
Оның айтуынша, келесі себебі бұл – құмар ойындарға, алкогольге тәуелділік. Содан кейін отбасылар көзге шөп салу мен опасыздық жиі болғанда ажырасатындарын айтты. Жұбайы ер адамның екінші әйел алуына көнбей, ақыры жұп екіге кетеді.
“Бірақ бұлардың бәрі басты себеп емес екенін тілдескенде түсіне бастаймын. Шыдамы таусылғанға дейін әйелдер бәріне шыдауға дайын. Барлық ажырасулардың ең маңызды және басты себебі – бұл моральдық зорлық-зомбылық. Ер адам әйелдің өмірін тозаққа айналдырған кезде, әйел тек тыныштықты аңсайды”, – деді Оспан.
Оның айтуынша, моральдық зорлық-зомбылықты дәлелдеу қиын. Денеде ұрып-соғу белгілері жоқ, ішіп-шекпейтін, балалары тоқ отбасыда ер адамның абьюзер болғанын анықтау қиын болатынын айтты. Бірақ өзін әйел бақытсыз және ыңғайсыз сезінеді. Заңгер мұндай жағдайларда ажырасу дұрыс шешім екенін айтты. Себебі бұл қайғылы жағдайдарға әкеп соғуы мүмкін.
Қазақстандық қоғамдық даму институтының отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы Жұлдыз Батталова ажырасуға себеп болатын басты фактор алкоголизм мен нашақорлық деп түсіндірді. Содан кейін отбасыдағы зорлық-зомбылық пен көзге шөп салу, құмар ойындарға тәуелділік, сондай-ақ дәстүрлі емес жыныстық ориентацияны атап өтті.