Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматыда медицина студенттері емтихан қортындысымен келіспейді

16.06.2023ж. 20:00
1215
Алматыда медицина студенттері емтихан қортындысымен келіспейді

Алматыда медицина университетінің студенттері тестілеудің нәтижесімен келіспейді. Болашақ ақ халаттылардың айтуынша емтихан тапсыру барысында техникалық ақаулар болған. Қортынды бағасына қарсы студенттер тесттің қайта қаралуын талап етіп отыр. Мәселенің анығын әріптесім тарқатады.

Алматылық тестілеу орталығының алдына 60-қа жуық медицина мамандығында оқитын студенттер жиналды. Асфендияров Атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қазақ-Ресей медициналық және Ұлттық Университеттерінің интерндері шу шығарып отыр. Бәрінің айтары бір-емтихан дұрыс өтпеді.

Ержан ӘМІР, ҚазҰМУ 6 КУРС ИНТЕРНАТУРА СТУДЕНТІ:

Тапсырып жатқан кезде бізге дайындыққа ешқандай сұрақ берілмеген. Алдыңғы жылғы базамен дайындалдық. Бұл жерде сұрақтар мүлде басқаша болды. Яғни орысшадан қазақшаға тікелей аударған, және бұл жерде ситуациялық есептер болды, ішінде суреттер де болады. Суреттер анық емес, кейде загрузка ашылмай тұрған моменттер болды.

Болашағы бұлыңғыр болып тұрған студенттер, әділдікті іздеуде. Олардың арасында 2 жыл қатарынан тапсырып жатқандармен бірге бір рет сабақтан сүрінбегендері де бар. Шекті баллдан өту үшін- 100 сұрақтың 50-не дұрыс жауап беру керек. Ал жоғарғы оқу орындардың басшылығы емтихан қорытындысына араласа алмаймыз деп отыр.

Гүлмира ЖҮСІПБАЙ, ҚРМУ 6 КУРС ИНТЕРНІ:

Қазір бізге көмектесетін ешкім жоқ, универден де ешқандай қолдау болып тұрған жоқ. Өз басыма келсем мен бұдан алдын колледж оқыдым осымен 9 жыл деп есептен отырмын да, 10 жыл күту керекпін. Мен ешқашан летоға қалған студент емеспін, тіпті мен төмен балл жинап көрген жоқпын осы уақытқа дейін. Шынымды айтсам ішім өрт болып тұр.

Сұрақтардың тура мағынада аударылып, түсініксіз болғаны былай тұрсын, Кейбір студенттер аппеляция батырмасының басылмай, тест кезіндегі техниканың ақауына ашынып отыр. Шағымданып отырғандардың дені - болашақ тіс дәрігерлері.

Нұрғиса ТАМАША, ҚРМУ 6 КУРС ИНТЕРНАТУРА СТУДЕНТІ:

Сұрақтарды түсіну қиын болды, мен кем дегенде шекті балл жинайтыныма сенімді болдым, біздің ойымызша мына сұрақтарға тіпті стажы бар дәрігерлер де жауап бере алмайды. Біздегі ең жоғары балл 76 болып тұр. Өткендердің өзі таң қалып отыр. Тестті аяқтап жатқанда, техникалық ақаулар болды, беттер ашылмай, жүктелу уақыты да созылып кетті. Университеттерімізден ашқандай жауап жоқ. Тест орталығы да үндемейді.

Бұл мәселінің жауабын іздеп, тиісті ведомстволарға хабарластық. Алайда барлығы тек тестті жасаған орталыққа сілтеді. Олардың да жауабы қысқа болды

Кәмиля БЕКІШОВА, "ҰТЕО" РҚБ БАС МАМАНЫ:

Тест базасы емтиханда тек сараптамадан өткеннен кейін ғана қолдынылады. Бағалаудың ақпараттық жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді. Тестілеу кезінде техникалық себептер бойынша аппеляцияға беру мүмкіндігіне шағымдар түскен жоқ. Тестілеу барысында түлек аппеляцияға беру мүмкіндігіне қолданбаған болуы мүмкін. Мемлекттік емтиханды өткізу кезінде денсаулық сақтау министірлігінің республикалық аппеляциялық комиссиясы құрылады, онда өзінің жұмыс тәртібі мен өтініштерді қарау тәртібі бар.

Жауапты басқармалардың айтуынша аппеляция әлі қарастырылып жатыр, сондықтан анық-қанығы кейінірек белгілі болады. Студенттер де өз нұсқалары бойынша жауаптарын асыға күтуде