Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

16.06.2023ж. 20:00
1047
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Ақ халатты абзал жандарға халықтың денсаулығын жақсартуға қосып жатқан үлестері үшін алғыс айтты. Медицина мамандарының мәртебесі мен беделі жоғары болу үшін барлық жағдай жасалып жатқанын жеткізді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым айрықша көңіл бөледі. Көптеген заманауи емдеу орындарының салынуы, білікті мамандарды даярлауға бөлінетін грант санының көбеюі, осы сала қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетілуі - соның айқын дәлелі. Түптеп келгенде, мұның бәрі салауатты қоғам қалыптастыруға ықпал етеді. Сіздер сындарлы сәттерде өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел сенімін ақтай білдіңіздер. Баршаңызға қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге амандық, бақ-береке тілеймін!