Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Елімізде ісік ауруларын ерте анықтайтын препарат өндіріледі

16.06.2023ж. 20:00
863
Елімізде ісік ауруларын ерте анықтайтын препарат өндіріледі

Президент іс-басқармасы ауруханасының ядролық медицина орталығы тиісті өндірістік тәжірибе стандарттарынан сәтті өтті. Енді дәрі-дәрмек өндірісін ұйымдастыруға толықтай құқылы. Мамандар GMP сертификатын иелену үшін ұзақ уақыт дайындалып, еңбектендік дейді. Орталық осылайша елімізде алғашқылардың бірі боп халықаралық стандарттағы сертификат алды.

Бауыржан ӘБІШЕВ, ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ ЦИКЛОТРОНДЫ-ӨНДІРІСТІК КЕШЕНІНІҢ БАСШЫСЫ:

GMP сертификаты біздің препараттарымыздың барлық талаптарға сай екендігін растайды. Сондай-ақ оның адам денсаулығына ешқандай зиян әкелмейтіндігін дәлелдейді. Дәрілерімізді қолданысқа енгізбес бұрын толықтай тексеруден өткізіп аламыз. Отандық өнімге деген сұраныс жоғары.

Орталықта ісік ауруларын ерте анықтайтын дәрілер өндіріледі. Мамандар 3 препарат ойлап тапқан. 2026 жылға дейін тағы 9 өнімді қолданысқа енгізбек. Медициналық дәрмек сүйектегі ісік метастазасының барлық түрін, сонымен қатар зақымданған сүйек ісіктерін диагностикалауға арналған. Препарат жарамдылығы -12 сағат.

Мақсат ЖАЙЫМБАЕВ, ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ РАДИОИЗОТОПТЫҚ ДИАГНОСТИКА ДӘРІГЕРІ:

Препаратпен зерттеу өтуге жас шектеу жоқ. Көрсетілімдер бойынша жасалынады. Қазіргі таңда осы 80-90 пайызға дейін барлық онкологиялық ауруларды анықтауға. Яғни тек анықтап қана қоймай анықталғаннан кейін пациент өзінің емін өткеннен кейін жасалынған мысалы химия терапия, сәулелі терапиялардан кейінгі сол емнің нәтижесін көруге яғни сол емнің нәтижесі қандай болғаны екенін анықтауға көмектеседі.