$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Маусым айының үшінші жексенбісі – әкелер күні

16.06.2023ж. 20:00
2873
Маусым айының үшінші жексенбісі – әкелер күні

Маусым айының үшінші жексенбісі – әкелер күні. Биыл бұл мереке елімізде алғаш рет тойланады. Қазір жанұяда әкенің рөлі төмендеп кетті деген пікір көп айтылады. Бұл қаншалықты рас? Жалпы, қазақ отбасында отағасының орны қандай болған, қазір ше? Аружан Задабек тақырыпты тарқатады.

Қазақ «әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген бірауыз сөзге бүкіл тәрбиенің бастауын сыйғыза білген. Асқар тауының тәрбиесін көріп, асыл қасиеттерін бойына сіңіріп өскен ұрпақ жаман болмайды – деп сенген. Бала да анасының «әкеңнен сұран» деген сөзінен сескеніп, тік қарап сөйлесуге жасқанатын. Ал, қазір ше?

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Оның бәрі тәрбиеге байланысты деп ойлаймын. Үйде қандай тәрбие алса, солай әкенің қадірін біледі.

- Шынымды айтайын күнде хабарласпаймын. Бірақ барынша құрметтеймін әкемді. Енді қазір студентпін ғой. Ол кісілер басқа жақса, мен басқа жақта. Барынша оларпдың разылығын алуға тырысамын.

- Әкеден біз алған тәрбиені біз өзіміздің балаларға бере алмай жатырмыз. Бізде қазір балалаға уақыт жоқ. Нақты айтқанда уақыт жоқ.

- Әкіміздің жетістігіне жету үшін қайда? Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды дейді ғой. Балалы болғанда бәлесің дейді ғой әкенің қадірін. Әкенің қадірін балалалы болғанда біліп жатырмыз.

Асқар таудың үйдегі рөлі қандай? Әуелі осы сұраққа жауап іздейік. Өйткені, қазір "Отағасы" деген атқа лайық ер азаматтар азайған, отбасындағы әкенің рөлі төмендеген – дейді жұрт. Бірақ, бұл пікірмен келіспейтіндер де көп. Олар мұндай ойдың қалыптасуына соңғы кездері ер азаматтарға қатысты жағымсыз ақпараттардың көп тарауы себеп - дейді. Ал, бұл - әке статусын төмендеуіне әсер етпеуі тиіс.

Анаргүл ИБАРАЙЫМБЕКОВА, ПСИХОЛОГ:

12 жасқа дейін балада психика қалыптасады. Одан кейін мен ер адамдардан қолдау алуым керек деген психикалдық бұзылыс пайда болуы мүмкін. Болашақтағы адамдарға сенбеушілік, одан кейін өзіне деген сенбеушілік дәл осындай психикалық құбылыстар пайда болуы мүмкін.

Ажырасудың көбегені рас. Қоғам белсендісі мұндай жағдай бала мен әке арасындағы ыстық қарым-қатынасты бұзбауы керек деп санайды. Өйткені, асқар тау кім-кімге болса да жақын, жүрекке жамау болатын ардақты тұлға. Оның бала үшін орны әрқашан биік әрі жоғары.

Ғалымжан КЕРІМБЕК, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Қазақстан Республикасында ажырасулардың саны көбейіп кетті. Атамыз қазақ кезінде мұндай жағдай орын алғанда ол баланы сол әулеттінң үлкендеріне, нағашы жағындағы үлкен азаматтардың тәрбиеленуіне берген.

Әкенің орны қашан да бөлек. Қызым қылықты болсын деп "қырық үйден тыятын" да, ұлды ұлы мақсаттарға жетелеп, жол көрсететін де – әке. Жүз мектеп бере алмайтын тәрбиені бойға сіңдіріп, таудан биік талапты болуды үйрететін асқар таудың жөні дара екені даусыз.