$498.34 €519.72 ₽4.85
×

54 жастағы павлодарлық 75 жастағы енесін зорлағаны үшін кінәлі деп танылды

AstanaTV
17.06.2023ж. 11:17
1370
54 жастағы павлодарлық 75 жастағы енесін зорлағаны үшін кінәлі деп танылды

Павлодар тұрғыны 75 жастағы енесін зорлағаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Басылым мәліметінше, 54 жастағы сотталушы тергеу барысында және соттан кейін өз кінәсін мойындамаған. Бірақ тергеу барысында зорлық-зомбылықтың екі дерегі анықталған.

Оқиғаның анық-қанығы жария етілмеген, тыңдалым жабық режимде өткізілген. Тек екі дерек бойынша материалдар қарастырылғаны белгілі.

Қамқорлық қажет болған зейнеткер күйеу баласымен және қызымен бірге тұрған. Тергеу мәліметтері бойынша, павлодарлық қайын енесінің дәрменсіз жағдайын пайдаланған.

Сот үкімі бойынша айыпталушы жәбірленушіге бес миллион теңге мөлшерінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.


"Зорлау" бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді Павлодар қалалық №2 сотының судьясы Әйгерім Байсолтанова.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/85560/