$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Тыйым салынған жерде шомылған»: Павлодарда 25 жастағы жігіт өзенге батып кетті

AstanaTV
19.06.2023ж. 14:43
943
«Тыйым салынған жерде шомылған»: Павлодарда 25 жастағы жігіт өзенге батып кетті

Павлодарда 25 жастағы жігіт өзенге батып кетті.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 маусымда сағат 23:00 шамасында Усолка өзенінде демалу кезінде шомылуға жабдықталмаған жерде адам жоғалып кеткен.

«Құтқарушылар 18 маусым күні сағат 10:00-ден бастап іздеу жұмыстарына кірісті. Экипажы бар құтқару қайығы іске қосылды. Сағат 12:20-да эхолоттың көмегімен денесі екі метр тереңдікте және жағадан 15 метр қашықтықта табылды», – дейді департаментте.

Сүңгуірлер ер адамның денесін алып шығып, полицияға тапсырды.

Оқиға орнында екі техника, бес құтқарушы мен 102 қызмет қызметкерлері жұмыс істеді.