Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Эквадорда жерлеу рәсімі кезінде табытта оянған әйел жеті күннен кейін қайтыс болды

AstanaTV
19.06.2023ж. 19:03
963
Эквадорда жерлеу рәсімі кезінде табытта оянған әйел жеті күннен кейін қайтыс болды

Белла Монтойя бес сағат табытта жатып, өзінің жерлеу рәсімінде оянған соң жансақтау бөлімінде дәрігерлер бақылауында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өлдіге саналып, табытта оянған 76 жастағы кейуана жеті күннен кейін жансақтау бөлімінде инсульттан қайтыс болды, деп жазды Sky News.

Әйелдің денесі алдында әкелінген жерлеу бюросына қайта жеткізілген. Марқұм жалпы зиратқа жерленеді.

Бабахойо қаласында болған таңқаларлық жағдайдан соң ол үнемі дәрігерлердің бақылауында болған. Билік әйелді өлдіге санаған аурухана мен дәрігерлерді тергеуге кірісті. Сондай-ақ аурухана өлім туралы куәліктерді қалай беретінін тексеріп жатыр.

Оның ұлы Гилберто болған жағдайға қатысты биліктен әлі ешқандай медициналық түсініктеме алмағанын айтты. Ол марқұм Белла Монтойяның әпкесі ресми шағым түсіргенін және оны өлді деп жариялаған дәрігерді анықтауға тырысатынын айтты.