Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Грузияда отандасымызды өлтіріп, денесін өзенге ағызып жіберген

19.06.2023ж. 20:00
1189
Грузияда отандасымызды өлтіріп, денесін өзенге ағызып жіберген

Отандасымыз Жанбота Төлеген Грузияда кісі қолынан қаза тапты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Онда жеке сапармен жүрген. Кәсіби қызметіне еш қатысы жоқ екенін айтты. Болжам бойынша күдікті Жанбота Төлегеннің танысы болған. Араларында туындаған жанжалдың салдарынан ол отандасымызды өлтіріп, денесін өзенге лақтырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, марқұмның денесі елге жеткізіліп, жерленген.

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:

Грузияда Қазақстан азаматының өлтірілгені туралы ақпаратты растаймыз. Осы жылдың 24 мамыры Тбилисидегі ҚР елшілігіне Телави қаласының құқық қорғау органдарынан Қазақстан Республикасы азаматының өлтірілгені туралы ақпарат келіп түсті. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін кісі өлтіру дерегі мен күдіктінің жеке басы айтылмады.