$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Жекешелендірудің нәтижесінде 4 кәсіпорынның жаңа иелері анықталды

AstanaTV
13.10.2016ж. 20:00
2270
Жекешелендірудің нәтижесінде 4 кәсіпорынның жаңа иелері анықталды

Елорда әкімдігіне қарасты «Астана» көкпар клубы» бар-жоғы 200 мың теңгеге сатылып кетті. Ол голландтық әдіспен аукционға шығарылған. Бұл ақпарат көпшіліктің таңданысы мен наразылығын тудырған болатын. Бірақ бүгін Астана қалалық әкімшілігінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары сатылым заңды жүзеге асты деп мәлімдеді.

Андрей Лукин, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Қала әкімі мәселені анықтауды тапсырған болатын. Бұл нысандардың әлеуметтік маңызы барын ескеріп, сатылым құжаттарын Астана қаласының прокурорына жіберілді. Біз міне, қорытындысын алдық. Сіздерге оқып берейін. Акционның өткізілу тәртібі мен құжаттарды зерттей отырып, ешқандай заң бұзушылық орын алмаған. Сондықтан прокурорлық акт шығару қажет деп танылмайды.

2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес бәсекелес ортаға  4 кәсіпорынды беру шешімі қабылданған. Алдын ала бағалау өткізіліп, соның нәтижесінде «Қайсар» спорт клубы  19,5 миллион теңге, «Астана» көкпар клубы 41 млн 174 мың теңге, «Х.Омаров» атындағы шахмат клубы 7 миллион 836 мың теңге, «Астана батыры жекпе-жектер» клубы 51 миллионға сай деп табылған. Бірақ екі саудада ешқандай кәсіпкер қызығушылық танытпаған. Үшінші кезең 4 қазанда өткізілді. Осылайша «Қайсар» спорт клубы 697 096  теңге, «Астана» көкпар клубы 198 554 теңге, «Х.Омаров» атындағы шахмат клубы 12 870 теңге, «Астана батыры жекпе-жектер» клубы 9 386 426 теңгеге сатылды.

Ал әрбір асыл тұқымды жылқысы кем дегенде 5 мың доллар тұратын «Астана» көкпар клубының болашағы қандай болмақ? Қызметкерлердің жұмыс орны сақтала ма? Бұл жайында арнайы зерттеуді сенбі күні сағат 20:00-де «Біздің уақыт» бағдарламасынан көре аласыздар. 

Айбек ҚОСАНОВ