Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Nurintech» инновациялық жастар байқауының жеңімпаздарына 1 млн теңге табысталады

AstanaTV
12.10.2016ж. 20:00
1931
«Nurintech» инновациялық жастар байқауының  жеңімпаздарына 1 млн теңге табысталады

Инновациялық жастар байқауының жеңімпаздарына 1 млн теңгеден табысталады. Бүгін «Нұр Отан» партиясында «Nurintech» республикалық конкурстың басталғаны туралы хабарланды. Өзінің жаңалығын 14 пен 29 жас аралығындағы кез келген қазақстандық ұсына алады. Байқаудың мақсаты - жастарды жаңа технологияларды жасауға деген зейінін арттыру. Жеңімпаздар 5 номинация бойынша, яғни агроинновация, химиялық технология, нано технология және биотехгология, жасыл энергетика, робототехника, 3Д индустрия және тағы басқа бағыттарда анықталады.

Фархад Қуанғанов, "Нұр Отан" партиясының хатшысы:

Республикалық жастар конкурсы бірнеше номинацияны қамтитын болады. Олар технобастау, келешек, үздік жастар жобасы, әлеуметтік бастама. «Нұр Отан» партиясының төрағасы, елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бірнеше мәрте айтып өткендей, Қазақстан үшін инновацияның  енгізілуі стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады.

Үздік инноваторларға бірінші орын үшін 1 млн теңге, екінші орынға 500 мың, үшінші болғандарға 250 мың  беріледі. «Келешек» конкурсының жеңімпазына еліміздің бір жоғарғы оқу орнында оқуға грант қарастырылған. Жалпы конурстың жүлде қоры 8 млн теңгені құрайды. Сайыс 4 кезең бойынша өтеді. Алғашында қатысушылар жобаларының жаңалығын, коммерциялық әлеуетін және әлеуметтік маңызын дәлелдесе,  екінші айналымда таныстыру, үшіншіде инверсторлар тарту үшін көрме ұйымдастырылады. 10 негізгі жеміс беретін жоба маңызды халықаралық байқауларға бағыт алады, - дейді партиялықтар. Өтінімдер болса ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады.