Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Маңғыстау облысындағы 10 адамның өмірін қиған жол көлік апатына екі жүргізушінің де кінәсі бар

AstanaTV
20.06.2023ж. 15:03
1667
Маңғыстау облысындағы 10 адамның өмірін қиған жол көлік апатына екі жүргізушінің де кінәсі бар

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты 10 адамның өмірін қиды. Оның бесеуі кішкентай бала, деп хабарлайды Stan.kz.

Видеодан кадр

Дерекке сүйенсек, оқиға кешкі уақытта Жаңаөзен-Кендірлі тас жолында болған. Тойота мен Рено көліктері бетпе бет соқтығысып, екі көліктегі екі отбасының мүшелері түгел тіл тартпай кетті.

Тірі қалған 4 жасар сәби дереу ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасалғанымен үміт болмады. Ол да төрт сағаттан кейін көз жұмған.

Toyota-да сегіз жолаушы болған дейді тәртіп сақшылары. Ал екінші көліктің жүргізушісіне бір ай бұрын ғана қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыппұл салынған екен.

“Жолкөлік оқиғасының басты себебі: көлік құралының қарама-қарсы жол бағытына шығуы. Бұл қорқынышты апатты талдай отырып, Toyota көлігінің ішінде 8 адам болғанын атап өткім келеді. Жүргізуші мен жолаушылар қауіпсіздік белдігін тағып, балаларға арналған орындық пайдаланса. Оның үстіне көлікке тек төрт адам ғана сияды. Ал апат болған жағдайда бұл құралдар адам өмірі мен денсаулығын сақтап қалуы мүмкін еді”, - дейді Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлшара Бастаубаева.