Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Қазақстан Германияны энергиямен қамтамасыз етіп отыр - Штайнмайер

AstanaTV
20.06.2023ж. 15:27
803
Қазақстан Германияны энергиямен қамтамасыз етіп отыр - Штайнмайер

Қазақстан шикі мұнай жеткізу арқылы Германияны энергиямен қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасау барысында Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы уақытта Қазақстан Федеративті Республиканың энергиямен жабдықталуын қамтамасыз етуде айтарлықтай үлес қосып келеді. Әсіресе, Қазақстанның мұнайдың қосымша көлемін жеткізуді жоспарлап отырғаны қуантады. Бұл келешекте елімізде орналасқан мұнай өңдеу кәсіпорындарының жұмысын жандандырып, Шығыс Германиямен жанар-жағармаймен жабдықтауға мүмкіндік береді», - деді Франк-Вальтер Штайнмайер.

Сонымен қатар ол Қазақстан тарапына қосымша мұнай жеткізетіндігі үшін ризашылығын білдірді.

«Бұл энергетикалық сектор үшін өте жақсы жаңалық әрі қосымша мұнай жеткізу туралы келісім жасалғаны қуантады. Сол үшін Қазақстан тарапына шын жүректен алғысымды білдіремін», - деді Германия Президенті.