Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қостанайда сәтсіз жасалған сүндет үшін 6 жастағы баланың анасы жекеменшік емханамен соттасуда

AstanaTV
13.10.2016ж. 20:00
8650
Қостанайда сәтсіз жасалған сүндет үшін 6 жастағы баланың анасы жекеменшік емханамен соттасуда

Сәтсіз сүндеттің салдары. Қостанай тұрғыны шаһардағы «Андрофарм» жеке меншік емдеу мекемесін сотқа берді. 6 жастағы баланың ата-анасы  сапасыз қызмет көрсеткен тараптан 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы талап етіп отыр. Алғашқы сот отырысынан аймақтағы тілшіміз Заңғар Санай  баяндайды.

Заңғар Санай, тілші:

Қала тұрғыны 6 жастағы баласын сүндетке отырғызу үшін былтыр тамыз айының басында жергілікті жекеменшік емханаға апарғандығын айтады. Ақшасы төленіп, ақ халаттылар жасөспірімге ота жасайды. Алайда, балғынның аталық мүшесіндегі жара жазылмай, асқынып кеткен.

Я обратилась в областную больницу, где ему на месте в ту же минуту дали общий наркоз и там же обработали, что в принципе мог сделать он в станционаре в тот же день, 10 числа, не затягивая.

Талапкер тарап өздерін көрсетуге қарсылық танытты. Ал, отыз жылдық тәжірибесі бар «Андрофарм» емханасының бас дәрігері Сағынтай Торғаев жылына 400-ге жуық баланы сүндетке отырғызатындығын айтады. Бірақ ешкімнен ешқандай шағым түспеген. Отадан кейінгі баланың тез арада оңалып кетуі ата-анасына байланысты. Егер жараға дер кезінде тиісті сұйық дәрілер жақпаса, бірден асқынып кетеді,- дейді -хирург дәрігер.

Сағынтай Торғаев, «Андрофарм» жеке емханасының бас дәрігері:

Егер жараны дұрыс таңып, дұрыс дәрілер жақпаса, асқынып кетеді. Тіпті іріңдеп кету қаупі бар. Бұл бала  дәл осындай жағдайға тап болып отыр. Сондықтан ата-аналардың өздері және сүндетке отырғызатын баласын алдын-ала дайындап әкелуі тиіс. Аяқасты ота жасалмайды ғой.

Тұрғынның шағымынан кейін аймақтағы медициналық және фармацевтика саласын қадағалайтын департамент өкілдері жеке емханаға тексеру жүргізіп, өзге өңірден арнайы сарапшылар шақыртқан. Тексеру барысында «Андрофорам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балаларға медициналық қызмет көрсету лицензиясы болмағандығы анықталыпты.

Малика Шөкім, облыстық медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің заңгері:

«Андрофоарм» ЖШС  балаларға медициналық қызмет көрсету бойынша лицензия болмаған. Шағымның негізінде Қарағандыдан арнайы жоғары санаттағы дәрігер сарапшы шақыртылды. Сонымен қатар тексеріске біздің департаменттің өкілдері де қатысты.

Заңғар Санай, тілші:

Соттың мәліметіне сүйенсек, Қостанайда 2005 жылы ашылған жекеменшік емханада сәтсіз жасалған ота осымен екінші рет қайталанып отыр. Осыдан алты жыл бұрын баласын сүндеттеуге әкелген қала тұрғыны емхананың қызметіне көңілі толмай, сотқа талап-арыз түсірген.  150 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіруге арызданған ана кейін шағымын кері қайтарып алған еді.