Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағанды облысында заңсыз аң аулағандар ұсталды

AstanaTV
13.10.2016ж. 20:00
2035
Қарағанды облысында заңсыз аң аулағандар ұсталды

Қарағанды облысында заңсыз аң аулаған 2 бірдей топ ұсталды. 2 арқар мен 47 құрды атып алған браконьерлер Ақтоғай ауданының Сарытерек ауылында қолға түскен. Аңшылар - Қарағанды мен Балқаш қалаларының тұрғындары.

Қарағанды облыстық ІІД-нің қызметкерлері оларды арнайы рейд кезінде құрықтаған. Күдіктілерден екі бірдей арқар мен құр еттері, сондай-ақ, оқ-дәрі, қару-жарақтар тәркіленді. Полицейлердің айтуынша, арқар атқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Өйткені, Қызыл кітапқа енгізілген жануарды атуға тыйым салынған. Ал, құр ату үшін аңшылар арнайы рұқсат қағазын алмаған. Қазір заң бұзғандар тергеліп жатыр.Жалпы облыста жабайы аңдарды жою деректері көп.Соңғы 9 айда браконьерлердің қолынан 2 арқар,12 киік мерт болған.

Дәулет Досмақов, Қарағанды облыстық ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы бөлімінің инспекторы:

Ұсталғандардың үстінен ҚР ҚК-нің 337,339 баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Арқар бойынша 3 миллионға дейін, құр бойынша 10 АЕК-ке шейін айыппұл төленеді.

Айжан ҚУАШ