$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанадағы емханалар қайтыс болған адамдарды тіркеуге алған

AstanaTV
21.06.2023ж. 09:07
967
Астанадағы емханалар қайтыс болған адамдарды тіркеуге алған

Астанадағы емханалар тіркеуге қала аумағында тұрмайтын азаматтарды, сондай-ақ қайтыс болған адамдарды алғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл заңсыздықтар Сарыарқа аудандық прокуратурасының денсаулық сақтау ұйымдарына жүргізген тексеруі кезінде анықталған.

"Прокурорлар пациенттердің жасы бойынша міндетті скринингіне және балалардың профилактикалық тексеруден өтпеуіне қатысты деректерді де әшкереледі. Сонымен қатар созылмалы аурулары бар пациенттерге қажетті дәрі-дәрмектер уақтылы жеткізілмеген. Тексеру нәтижелері бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құзырлы органның жұмысының нәтижесінде 12,5 мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалған.

Прокуратура кінәлі мамандардың жазаланатынын да мәлімдеді.