Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ақтөбе облысында кәріз бекетіндегі жарылыстан жарақат алған әйел қайтыс болды

AstanaTV
21.06.2023ж. 09:48
713
Ақтөбе облысында кәріз бекетіндегі жарылыстан жарақат алған әйел қайтыс болды

Ақтөбе облысында кәріз сорғызу бекетіндегі жарылыстан жарақат алған әйел көз жұмды. 48 жастағы жұмысшыны алып алып қалу мүмкін болмаған, өйткені денесінің 95%-ы күйіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға алдыңғы жұмада Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылында болған. Кешкі кезекшілікті қабылдап алған жұмысшы сорғы бекетінің есігін ашып шырпы тұтатқанда жарылған.

КТК телеарнасының хабарлауынша, марқұмның жақындары кәріз сорғы бекетінде жұмысшыларға ешқандай жағдай жасалмаған деп отыр. Арнайы киім де, қауіпсіздік үшін жабдықтар да жоқ көрінеді.

Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

"15 маусымда жеткізді. Жағдайы өте ауыр болды. Денесінің 95 пайызы күйген. Бірден жансақтау бөліміне жатқыздық. Бірақ жарақаты ауыр болуына байланысты төрт күннен кейін есін жинай алмай, 19 маусымда қайтыс болды",-дейді травматолог дәрігер Нұрлан Әбішев.