Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Күтпеген оқиға: жігіт пен қызды найзағай ұрды, олардың бірі ауруханада қайтыс болды

AstanaTV
21.06.2023ж. 10:12
1951
Күтпеген оқиға: жігіт пен қызды найзағай ұрды, олардың бірі ауруханада қайтыс болды

Өзбекстанның Әндіжан облысында қыз бен жігітті найзағай ұрды. Олар ауруханаға жеткізілді. Алайда жігіт ауруханада қайтыс болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстанның Бас прокуратурасының мәліметінше, оқиға 19 маусымда Пахтаабад ауданында болған. Найзағайдан 17 жастағы жігіт пен 15 жастағы қыз зардап шеккен. Олар жедел түрде ауруханаға жеткізілді. 

Өкінішке қарай, дәрігерлердің көмегіне қарамастан, жігіт қайтыс болған. Ал қыз ауруханада қажет ем алып жатыр, оның жағдайы тұрақты. 

Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.