Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қазақстандық боксшының АҚШ-тағы дебютті жекпе-жегі өтпей қалды

AstanaTV
21.06.2023ж. 21:44
878
Қазақстандық боксшының АҚШ-тағы дебютті жекпе-жегі өтпей қалды

Қазақстандық Жан Кособуцкийдің (19-0, 18 КО) АҚШ-тағы дебютті жекпе-жегі өтпей қалды. Отандасымыз америкалық Джаред Андерсонмен (14-0, 14 КО) жұдырықтасуы керек еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Vringe.com басылымының мәліметінше Кособуцкийде визаға қатысты мәселе туындаған. Сондықтан америкалық боксшымен IBF нұсқасы бойынша экс-әлем чемпионы Чарльз Мартин (29-3-1, 26 КО) жұдырық түйістіреді.

2016 жылы Чарльз Мартин украиналық Вячеслав Глазковты жеңіп, IBF белбеуін иеленген. Алайда кейін британиялық Энтони Джошуаға есе жіберді. Бұдан соң спорттық мансабында тағы екі рет жеңіліс тапты.

Андерсон 2023 жылы бір жекпе-жек өткізіп үлгерді. Ал Кособуцкий болса соңғы рет 2022 жылдың қарашасында рингке шығып, германиялық Хуссейн Мұхаммедті жеңді.