Тархун, Ситро атты газдалған сусындардан балалар жаппай уланып жатыр. Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарады. Хабарламада бұдан бөлек , M&M’S, Milky way шоколады және Дюшес, Барбарис кәмпиттері қауіпті деп жазылған. Ал денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ:
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде таралған азық-түлік өнімдері туралы ақпарат фейк деп танылып, шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Сондықтан жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз. Ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратты пайдалануға шақырамыз.