Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ақтөбеде екі жасөспірім қыз өздерін белгісіз біреулердің кепілге алғанын хабарлады

21.06.2023ж. 20:00
959
Ақтөбеде екі жасөспірім қыз өздерін белгісіз біреулердің кепілге алғанын хабарлады

Ақтөбеде тоғыз және 11 жастағы жасөспірімдер өздерін белгісіз адамдар кепілге алғанын айтып, облыстық әкімдіктің 109 ахуал орталығына хабарлаған. Кейін телефонның тұтқасын қоя салыпты. Дереу бұл ақпарат полицияға берілген. Тәртіп сақшылары дереу қоңырау түскен мекенжайға жеткен. Мән-жайды анықтай келе, екі жасөспірім қыздардың еріккеннен хабарласып, ойнап айтқандығы анықталды. Енді қыздардың ата-анасы 30 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Енді балалардың еркелігі үшін ата-аналарына ҚР ӘҚБТК-нің 127-бабы «Кәмелетке толмаған адамдарды тәрбиелеу және білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша жауап беруге тура келеді, онда 10 Айлық есептік көрсеткіш мөлшерде айыппұл қарастырылған.